2025 жылдың 17 мамыр күні Қарасай ауданында өткен KursAnt Olympiad 2025 негізгі пәндер сайысының екінші кезеңі өз мәресіне жетті. Testant.kz платформасы арқылы алғаш рет ұйымдастырылған бұл онлайн-форматтағы олимпиада сәтті өтті. Жалпы 143 оқушы өз білімін сынап, жарысқа белсенді түрде қатысты.
🥇 Сәмет Елназар — 44/50 | 1-орын
(1-кезең нәтижесі жоғары болғандықтан бірінші орын берілді)
🥈 Жаумытбай Рақымжан — 44/50 | 2-орын
🥈 Сагидулла Меруерт — 39/50 | 2-орын
🥉 Мирзахмед Балауса — 38/50 | 3-орын
🥉 Махаматқұл Нұрасыл — 38/50 | 3-орын
🥉 Құлахмет Жансая — 38/50 | 3-орын
1-орын иегеріне – 100% білім гранты
2-орын иегерлеріне – 50% жеңілдікпен оқу гранты
3-орын иегерлеріне – 30% жеңілдікпен оқу гранты
🎁 Сонымен қатар, олимпиада қатысушылары арасында лотерея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылды. Жүлделер қатарында: планшет, смарт сағат, құлаққаптар және KursAnt Store арнайы сыйлықтары болды.
🏫 Аудан бойынша "Ең үздік мектеп" атағын — С.Керімбеков атындағы орта мектебі жеңіп алды. Бұл марапат оқушылардың орташа ұпайы негізінде есептелді.
📌 Testant.kz платформасы арқылы сәтті өткен бұл кезең — болашақ олимпиадаларға серпін берді. Алда әлі талай білім додалары бар. KursAnt мектебі мен ұйымдастырушылар атынан барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!