Автор: ЖШС "KURSANT BILIM GROUP" 19.05.2025

"KURSANT OLYMPIAD 2025" 1-КЕЗЕҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

📢Қарасай ауданында 700-ге жуық оқушы қатысқан олимпиаданың 1-кезеңі өтті


2025 жылдың 16 мамыр күні Қарасай ауданы білім бөлімінің қолдауымен және KursAnt мектебінің ұйымдастыруымен ірі білім сайысы – аудандық негізгі пәндер олимпиадасының бірінші кезеңі өтті. Олимпиада негізгі пәндер бойынша:

  • Математикалық сауаттылық,
  • Оқу сауаттылығы,
  • Қазақстан тарихы пәндерінен өткізілді.

Жалпы Қарасай ауданы бойынша 700-ге жуық оқушы білім бәйгесіне қатысып, өз білімдерін сынады. Қатысушылардың арасынан 143 оқушы үздік нәтиже көрсетіп, 2-кезеңге жолдама алды.


📍 Екінші кезең 17 мамыр күні, Алмалыбақ ауылында орналасқан KursAnt мектебінде өтеді. Бұл кезең Testant.kz платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылады.


📊 Бірінші кезеңнің нәтижелерін төмендегі сілтеме арқылы көруге болады:

👉 Нәтижелерді көру үшін басыңыз