Қарасай ауданы бойынша 1200-ден астам оқушы қатысатын КурсAnt Олимпиадасы биыл Testant онлайн платформасында өтетіні белгілі болды. Бұл платформа қатысушыларға қашықтан тіркеліп, тестілеуге ыңғайлы түрде қатысуға мүмкіндік береді.
Олимпиадаға қатысатын оқушылар Testant жүйесіне кіріп, арнайы берілген олимпиадалық тапсырмаларды орындауы тиіс. Бұл формат оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттырумен қатар, әділ бағалауға жол ашады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, олимпиада уақыты мен ережелері жақын күндері жарияланады. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!